You are here

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» жастар акциясы

02.10.2017, 20:41   222

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты жастар акциясы өтті.

Мақсат – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау және латын әліпбиіне көшуді насихаттау.

Шараға Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, МГТУ, Маңғыстау гуманитарлық, политехникалық, өнер, туризм, «Мейірбике», «Қайнар», «Болашақ», Ақтау қалалық медициналық, шет тілдер колледждерінің студентері барлығы 300-ге жуық студент қатысты.

Акция барысында қызықты ойындар ойналып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты флешмоб ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар ойын жеңімпадарына арнайы сыйлықтарын табыстап, жастармен естелік суретке түсті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15