Жасөспірімдерге жеке куәліктер табысталды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай 28 тамыз күні Ақтау қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығында» Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жас қанат» жастар ұйымының ұйымдастыруымен 16 жасқа толған жасөспірімдерге жеке куәліктер табыстады.

Түрлі деңгейдегі Халықаралық жарыстарда биік белестерді бағындырып, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап, жеңіске жетуімен аймақ абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз, дзюдо күресінен жастар арасындағы Еуропа чемпионы Сұңғат Жұбатқан мерекелік іс-шараның иелеріне жеке куәліктерін табыстаса, «Жас қанат» жастар ұйымының өкілдері естелік сыйлықтарын ұсынды.

Іс-шараның соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.