You are here

«Жас. Жалын. Жаңғыру» xалықаралық жастар форумы

25.09.2017, 18:38   175

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінің жаңа ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі, Алматы Менеджмент университетінің ұйымдастыруымен «Жас. Жалын. Жаңғыру» атты Каспий маңы елдері жастарының І xалықаралық жастар форумы өтті.

Мақсаты – мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, жастар саясаты саласында озық тәжірибе мен инновацияларды алмастыру, Каспий маңы мемлекеттерінің жас көшбасшыларын біріктіру.

Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Әзірбайжан Республикасының жастар және спорт министрінің орынбасары Интигам Бабаев, Милли Меджлис депутаты Шахин Исмаилов және әзірбайжандық жастар, британдық «The Independent» басылымының бас экономикалық шолушысы Хэмиш МакРей, олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі жаһандану заманында ұлттық кодтың сақталуы, білім мен ғылымның дамуы, шетелдік білім факторы және оның ұлттық кодқа әсері, жастардың құндылық жүйесіндегі негізге алынатын, оларды қалыптастыратын артықшылықтар мен факторлар жөнінде сөз етіп, өз ойларын білдірді.

«Жастардың мәдени коды: құндылықтар, архетиптер және мазмұн» тақырыбында өткен пленарлық мәжілістен соң, әлемге әйгілі TED TALKS форматында ұйымдастырылған «CASPI TALKS» -ке Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, философия докторы, Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының тарих институтының аға ғылыми қызметкері Ламия Кафар-заде, ҚБТУ ақпараттық технология факультетінің студенті, 12 жастағы вундеркинд Мырзаш Абзал, Атырау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қуаныш Жалғасбаев қатысып, жастарға қызықты мәліметтер ұсынды.

Пленарлық мәжіліске қатысқан спикердің әрқайсысы жастарға арнап ұлттық құндылықтар, білімге ұмтылыс, бәсекеге қабілетті болуға талпыныс және өзге де бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру үрдісіне сәйкес қолға алынуы тиіс әрекеттер туралы нақты мысалдар келтіре отырып, қызықты түрде әңгімеледі.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15