You are here

«ВЕЧОРНИЦІ» МЕРЕКЕЛІК КЕШІ

13.12.2016, 11:24   187

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Біздің еліміз саяси дағдарыстар мен азаматтық қақтығыстар орын алған алып мемлекеттердің арасында тұрақтылық жайлаған бірден бір мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, Отан алдындағы борыш пен жауапкершілікті бірдей сезінеді. Елімізде өзге халықтардың салт-дәстүрлері мен ана тілін сақтап қалуына ерекше мән береді. Мұнда кез келген адам өзін жайлы сезінеді. Бәрі тең құқыққа ие.

Маңғыстау облысының 0,9 пайызын украин халқының өкілдері құрайды. Бүгін де олар бірлік пен ынтымақтың нығаюына өз үлестерін қосып, ат салысуда. Атаулы мейрамдарда мерекелік кештер ұйымдастырып, бірге тойлайды.

Маңғыстау облысының Т.Г. Шевченко атындағы этномәдени бірлестігі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында  «Достық үйінде» «Вечорниці» мерекелік кешін өткізді.  «Вечорниці» Қазақстан мен Украинаның достастығын білдіретін, бірлігін насихаттайтын, сонымен қатар, Тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтау кеші болды. Бұл кеште украин өкілдері Қазақстанның 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін мақтан ететіндерін, тыныштықтың мәңгі сақталуына, елдің өсіп-өркендеуіне тілеулес екендерін жеткізді.

 – Ежелден қазақ халқы береке-бірлік, денсаулық, бақыт пен бейбітшілік тілей отырып, «Шаңырағың биік болсын!», - деп айтқан. Бұл ұран қазақ халқының бірлігін, бейбітшілігін насихаттайтын және бүкіл адамға тілейтін ізгі тілек - ынтымақты білдіреді. Біз көп ұлттардың көк аспан мен алтын күннің, киелі шаңырақ астында бір отбасы болып, өз Отаны – Қазақстанды әлемге танытып бірлікте өмір сүруін тілейміз, - дейді өз сөзінде Т.Г.Шевченко атындағы украин ЭМБ төрағасының орынбасары Татьяна Степановна Лесниченко.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте қазақ және украин халықтарының ұлттық әндері шырқалып, билері орындалды. Патриоттық өлеңдер мен Тәуелсіздікке арналған жырлар оқылды. Сондай-ақ, Украина шекарасында Отан қорғаған ҰОС ардагерлеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, концерттен тыс қолөнер бұйымдары мен картиналар көрмесі ұйымдастырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15