You are here

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

03.12.2016, 15:05   555

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Маңғыстау жастары мерекелік іс-шара өткізді. Маңғыстау облыстық Көңілді Тапқырлар Клубы «Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогына» финалдық бәсекеге қатысу алды. Іс-шара Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен өтті. Оған «АТКС», «Ойнап айтам», «Маршыл», «Атамекен жастары» құрамалары қатысты.

Қыс мезгілінің алғашқы мейрамы тамаша көңіл-күймен басталды. Оған себеп болған Маңғыстау жастарының «КВН» ойыны. Құрама командалардың ойынға аса дайындықпен келгендерін көрермендердің соққан шапалақтары мен ду күлкілерінен білуге болады. Талантты жастардың ой ұшқырлығы мен мимикалары, ән мен би өнерлері залды тамсандырып, өткір әзілдері күлкіге қарық қылды. Жастар қалжыңдарының басым бөлігі қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар мен түйткілді өмір бейнелері.

4 сайыстан (таныстыру, сәлемдесу, бес сайыс, көрініс) құралған ойынның астарлы мәндері де жоқ емес. Заман талабына сай жастардың қызығушылықтарын ортаға салып, ой-пікірлер қалыптастырды. Жастар санасына өзекті интеллект ұғымын тәтті әзілмен жеткізе білді.

Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде үшінші орынды «Маршыл», екінші орынды  «Ойнап айтам» құрамалары иеленді. Ал бірінші орын – «Атамекен жастарына» бұйырды. «Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кубогын» әділ-қазы алқалары өзара ақылдасып, «Маршыл» құрамасына беруді ұйғарды.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15