You are here

ТАТАР ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕСІ «САБАНТУЙ»

07.07.2017, 18:00   525

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 7 шілде күні  Астана қалалық әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаңда  ЭКСПО -2017» көрмесінің мәдени-ойын-сауық бағдарламасы шеңберінде татар халқының дәстүрлі мерекесі «Сабантуй» өткізілді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚХА мүшелер, РФ  Татарстан Республикасы мемлекеттік органдарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БАҚ өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Іс-шара шеңберінде татардың ұлттық күресі  «Көрәш» пен Қазақстан этностарының ұлттық тағамдарының көрмесі болды.   

***

«Сабантуй» мерекесі ежелден бері көптеген түркі тектес халықтардың маңызды оқиғаларының қатарына жатады. Бүгінгі күнде ол көктемгі егістің аяқталуын тойлау мағынасын ғана білдірмейді, ол – халықтың бай мұрасы мен мәдениетін, ана тілін, қонақжайлылығы мен кең пейілділігін сақтауға ұмтылысты көрсетіп, түрлі ұлттар мен діни көзқарастағы адамдардың бірлесуіне ықпал етеді. 

«Сабантуй» туған жерге деген сүйіспеншілігін сақтаған адамдар үшін аса қымбат. Өзінің жасампаз еңбегімен отбасы мен отанының игілігін нығайтатын, сондай-ақ жерлестерімен, жақындарымен, достарымен жақсы қатынасты бағалайтындар үшін қымбат мереке.  Біз осы мерекеде ақсақалдардың даналығы мен жастардың қуат-күшіне риза болып, болашаққа жасаған жоспарларымызбен бөлісеміз. 

«Сабантуй» ЮНЕСКО-ның мәдени мұра байлығының тізіміне енгізілген.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15