You are here

Шешендік өнер тренингі

13.07.2017, 14:54   100

Версия для печатиPDF versionEPUB version

12 шілде күні Достық үйінде Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесіне баратын спикерлерді дайындауға арналған шешендік өнер сабағынан семинар-тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – қатысушылардың тіл байлығын молайту, сөйлеу шеберлігіне үйрету, кез-келген іс-шараларда ойын еркін, шешен де сырлы сөздермен жеткізе білуіне көмектесу.

Аталмыш тренингке әртүрлі ұлт өкілдері мен шығармашылық топтардың басшылары қатысты. Татар «Булгар» этномәдени бірлестігінің вице-президенті  Блохина Роза Гумаровна, өзбек «Пахтакор» этномәдени бірлестігінің «Хает» би ансамбілінің жетекшісі Мисриева Елена Олеговна, жастардан украиндардың Т.Г.Шевченко атындағы этномәдени бірлестігінен Анферова Дарья Лукьяновна, лезгиндердің «Самур» этномәдени бірлестігінен Мустафаев Ренат Магомедович, «Русское землячество»  этномәдени бірлестігінен әнші  Байков Олег болды.  

Шешендік өнер сабағының жетекшісі Наумова Вера Федоровна қатысушыларға жеке тәжірибесі арқылы шешеннің сахнада өзін ұстау ережесімен таныстырды.  Қатысушылар жетекші көрсеткен жаттығуларды бірге орындап, білімдерін шыңдады.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта аталмыш семинар-тренингтердің жалғасы болатынын ескертеді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15