You are here

«ОТАН СЕНЕН БАСТАЛАДЫ»

16.06.2017, 19:17   263

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін Достық Үйінде Маңғыстау облысы жастарының қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша «Отан Сенен басталады» атты тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтті.

Ұйымдастырушылары  Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылатын кездесудің мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға ретінде Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

​Оған Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы Исмурзина, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, этномәдени бірлестік төрағалары, облыс жастары қатысты.

Дөңгелек үстелде Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облысының ақсақалы Алқажан Еділхан, «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Райса Маденова, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Гусейнов Шамсадин Аллахверді оглы тақырыпқа байланысты баяндамаларын жасады. Баяндамаларда Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында айтылған 6 бағыты талқыланды. Сондай-ақ мақаланың «Туған жер» бағдарламасы тереңірек талданып, онда жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың жолдары алға қойылды.

Жастар да белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Олар Қазақстанның  дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіне өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15