You are here

ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

26.06.2017, 12:50   171

Версия для печатиPDF versionEPUB version

23 маусым күні Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аясында журналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауын қорытындылау іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ұлт жоспары Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын  іске асыру, этножурналистиканың,  мәдениетаралық диалогтың дамуына,  ұлттық бірлік пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға өнімді үлес қосқан журналистерді алғыс хаттармен марапаттау болып табылады.

Аталған байқау шарттары ағымдағы жылдың мамыр айында жарияланып, бастау алған еді. Оған жергілікті БАҚ-тан 27 журналист өз жұмыстарын ұсынды. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы Қазақстан халқы бірлігі күні, Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту, облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің қызметі, ұлтаралық қарым-қатынастарды дамыту және сақтау мәселелері тақырыптарын қозғаған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы өз сөзінде журналистерді құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

Байқауға қатысушылардың ең үздіктері анықталып, олар «Ең үздік мақала», «Ең үздік хабар», «Ең үздік бағдарлама», «Ең үздік блогер материалы», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік фото»  авторы деген номинациялар бойынша марапатталды.

Сондай-ақ, оларға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім»  КММ атынан қаржылай сертификаттар және алғыс хаттар табысталды. Іс-шараға қатысушылардың құрметіне этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15