You are here

«МЫҢ БОЯУЛЫ МАҢҒЫСТАУ» ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

18.05.2017, 17:06   298

Версия для печатиPDF versionEPUB version

16 мамыр  Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Өнер» арт-галереясының ұйымдастыруымен  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған «Мың бояулы Маңғыстау» атты облыстық жас суретшілер байқауы өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бану Ғаниқызы Нұрғазиева,  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Өнер» арт-галереясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің  төрағалары  мен  мүшелері т.б. қатысу алды.

Байқауда Маңғыстау Өнер колледжінің студенттерімен қатар Астана және Алматы қалаларынан арнайы келген жас суретшілер бақ сынасты. Олар киелі Маңғыстау жерінің  сұлу табиғатын бейнелей отырып, өңіріміздің өзіндік табиғи, географиялық ерекшеліктерін және Ақтау қаласының көз тартарлық орындары кескінделген туындыларын ұсынды.

«Осындай көрмелер мен байқаулар арқылы біз жас суретшілердің өсіп-өркендеуіне жол ашқымыз келеді. Олар Маңғыстаудың сұлу табиғатын бейнеледі. Олардың суреттерін тек Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де көріп үлгерді. Картиналарға қарап, олар сол жерлерге саяхат жасағысы келетіндерін айтады», - дейді Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, «Өнер» арт-галереясының жетекшісі Аймұрат Таңатов.

Байқау соңында ең үздік деп танылған туындылар  иесін марапаттау рәсімі болды. Олардың 100-ге жуық суреттері ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өтетін  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жіберіліп, әлем назарына ұсынылады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15