You are here

«Менің Президентім» – «Мой Президент» үздік эсселер байқауы

29.11.2017, 18:37   164

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қараша күні Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында, 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, облыс бойынша жоғары және арнайы орта білім орындарының арасында «Менің Президентім» – «Мой Президент» атты үздік эсселер байқауын өткізді.

Шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық сайысқа Ақтау қаласының жоғары және арнайы орта білім орындарынан 27 студент қатысты.

Байқаудың шарты бойынша, қатысушылар шығарма-ой толғау, шығарма-көзқарас форматында өзі таңдаған 2 тілдің (қазақша, орысша) біреуінде эссе жазып, бақтарын сынады. Кейін жазылған эсселер арнайы құрылған комиссия мүшелеріне тапсырылып, ең үздік деп танылған эссе жұмысы анықталды.

Байқау қорытындысы дайын болғанша студенттер Достық Үйінің мұражайымен таныс болды.

Жүлделі I орынға Маңғыстау гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Асан Ботагөз, Маңғыстау гуманитарлық колледжінде білім алушы Ходжа-Ахметова Джамиля мен Базарбаева Нилуфар ие болды. II орын иегерлері: Жұманазарова Сарбиноз – Ақтау есептік техникалық колледжінің 1-курс студенті, Жұмаберген Ұлболсын – Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Уазалова Несібелі – «Келешек» колледжінің бастауыш білім беру мұғалімі мамандығының студенті. III орынға КазАТК-нің студенті – Каракулова Айжан, Ақтау қалалық медицина колледжінің студенті – Бердісүгірова Аяжан, Маңғыстау энергетикалық колледжінен – Шульгин Николай лайық деп танылды.

Іс-шара барысында жастар мен қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15