«Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні мектеп қызметкерлері мен психологтарына арналған «Мектептегі медиация негіздері мен медиация жүргізу техникасы» тақырыбы бойынша 1 күндік семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім саласында медиация бағытындағы жұмысты жандандыру, мектептегі медиация негіздерін түсіндіру.

Семинар-тренингке барлығы 32 мектеп қызметкерлері мен психологтар қатысты. Олар мектептегі медиация негіздері және жүргізу техникасы бойынша түсінік алып, өзара пікір алмасып, тест жұмыстарын жасады.  

Достық Үйі жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі С.С. Тулебаевна медиация кабинетінің тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын айта келе, алдағы уақытта да мұндай семинар-тренингтердің жалғасы болатындығын жеткізді.

Шара соңында қатысушыларға «Мектептегі медиация негіздері» курсынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттар табысталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.