You are here

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

04.09.2017, 14:54   273

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 – қыркүйек білім күніне орай, 31 тамыз 2017 жылы Достық Үйінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты мектеп оқушыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, меценаттар, этномәдени бірлестік төрағалары және әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты.

Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру.

- «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде республика көлемінде ұйымдастырылып келеді. Біз бұл шараны 1-қыркүйек білім күніне орай өткізіп жатырмыз. Балаларға ақ жол тілейміз, ата-аналар мен ұстаздарға толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз – дейді Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі И.Г. Мақсұтқызы.

Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналарға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен Маңғыстау облысы мәдениет күндерінде өнер көрсеткен өнерпаздар «Шадвал», «Экзотика» би ансамблдері, жеке орындаушылардан Армен Саакян, Лесниченко Юлия, Федотов Николай өз өнерлерін көрсетіп, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттары балаларға ақшалай сертификаттар табыстады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15