You are here

Маңғыстаулықтар Құрбан айт мерекесін тойлады

04.09.2017, 15:42   110

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 қыркүйек 2017 жылы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бекет ата мешітінің алаңында мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын атап өтті.

 Айт намазына жиналған көпшіліктің қуанышын бөлісуге келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов, мұсылман жұртшылығын қасиетті Құрбан айт мерекесімен  құттықтады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстағы 21 этномәдени бірлестіктердің төрағалары мешіт алаңында киіз үй тігіп, келген халыққа дастархан жайып, көпшіліктің рахметін, үлкендердің батасын алды.

Құрбан айт мерекесіне арнап сойылған малдың еті тұрмысы төмен, 12 мүжәлсіз отбасыға таратылып берілді.

«Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Маденова Раиса:

- «Құрбан Айт мерекесі барша жанды біріктіретін ең жарқын мереке. Өйткені, осы күні біз құрбан шалып, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға көмектесеміз. Біз тек малдың етін беріп қана қоймай, адамның өмірін жақсарта түсу үшін, жүрегіміздің бір бөлігін ұсынамыз. Бұл жерде орыстар, корейлер, шешендер, қырғыздар, дағыстандықтар жалпы облыста тұратын барлық ұлт өкілдері бар. Мен осындай татулығы жарасқан Маңғыстау жерінде өмір сүргеніме мақтанамын. Барлығына бақыт, өркендеу мен тыныштық тілеймін».

Сонымен қатар, мейрам құрметіне арнайы спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ күресінен, гір тасын көтеру, қошқар көтеру, асық ату және арқан тартысу сынды спорттық сайыстарда күш сынасты. Жақсы нәтиже көрсетіп, қарсыласын базып озып, спорттық дайындығын көрсеткендерге естелік сыйлықтар табысталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15