МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚХА ХХІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 22 қараша күні 7 маусымы күні Достық Үйінің жаңа ғимаратында Маңғыстау облысы әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Е.Л. Тоғжановтың қатысуымен Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблясының  ХХІ сессиясы өтті.

 «Рухани жаңғыру – Ұлт жаңғыруы» атты тақырыппен өткен биылғы сессияға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қала және аудан әкімдері, мәслихат хатшылары мен депутаттары, облыстық және аумақтық басқарламалар мен департаменттер басшылары, облыстағы этномәдени бірлестіктер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кәсіпорындар мен мекеме басшылары қатысты.

Сессия жұмысын облыс әкімі, Маңғыстау облысының ҚХА төрағасы  Ералы Тоғжанов ашты. Ол Елбасының бағдарламалық мақаласын іске асырудағы бұл институттың рөлінің ерекше екенін айта отырып, жаңғыру жолында ассамблеяның жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылады. Сондай-ақ, тұрақтылықты сақтау, бірлік пен этносаралық келісімді нығайту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

«Биылғы 2017 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл! Осы жылдан бастап, Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаңызға аян. Осы жылы тарихымызда алғаш, әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі де рухани жаңғыруға жасалған игі қадамның бірі. Айтулы шараны еліміз жоғары деңгейде өткізді. Облысымыздан 80 мыңнан астам адам қатысып, ел астанасындағы әйгілі жиынды кеуделерін кернеген қуанышпен айтып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Бұл тарихи оқиға – Тәуелсіз еліміздің, жалпыұлттық бірлік пен ішкі саяси тұрақтылығының, бейбітшілік пен келісімнің жемісі», – деді Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Е.Л. Тоғжанов.

Сонымен қатар, жиын барысында «Берекет и Ф» ЖШС басшысы  Фаталиева Зарета Ахмедуллаховна, «Волна» Ақтау кондитерлік зауытының басшысы Карась Надежда Михайловна, «Каспий холдинг» ЖШС басшысы Кох Виктор Михайлович, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Лорсанов Магомед Умарович, кәріс этномәдени бірлестігі жастар қанатының өкілі Елена Ким баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Салтанатты жиында ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлестері үшін Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шарада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен Маңғыстау облысының Мәдениет күндері бейнеленген фильм көрсетіліп, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық тобымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.