You are here

Құрметті отандастар!

15.12.2016, 09:30   1697

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отанымыздың ұлық мерекесі, еліміздің тарихындағы қасиетті күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтайды! 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – әрқайсымыз үшін ерекше күн, өйткені онымен ата-бабаларымыздың азаттық туралы ғасырлар бойғы арманы,  Ұлы Дала Елінің қалыптасуы мен асқақ жетістіктері тығыз байланысты.  

Тәуелсіздігімізді жариялай отырып, біз әлемнің заманауи құрылымымен бірге өріліп, өркендеудің дербес жолына түстік. Даму басымдықтарымызды саралап, ел көшін бастайтын Елбасымызды таңдадық.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді Еуразия континентінің озық еліне айналдырып, қоғамда татулық пен келісімді қамтамасыз етті.

Осы  25 жыл бойы біздің халқымызды бірлік ұғымы: ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің, тағдырымыздың бірлігін түсіну біріктірді.

Біз Үлкен еліміздің біртұтас, жарқын болашақ – Мәңгілік Елге ұмтылған Үлкен отбасына айналдық.

Біз өзімізге және бүкіл әлемге халық бірлігі болған кезде халықаралық қауымдастыққа үлгі болар мемлекет құруға болатынын дәлелдедік.  

Біз осы ширек ғасырда Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде дүниеге келіп, татулық пен келісім идеясы – Болашағы біртұтас елді қалыптастыру идеясын қолдап, іске асыратын тұтас бір буынның өсіп шыққанын орынды мақтан ете аламыз.

Құрметті отандастар!

Осы мереке сіздердің өмірлеріңіздегі ең жарқын, ғажайып күндер ретінде естеріңізде қалсын. Қуаныш пен мақтаныш көкіректеріңізді кернеп, армандарыңыз орындалсын.

Сіздерге зор денсаулық, береке мен ынтымақ тілейміз! Татулық пен келісім Отанымызды мәңгі мекендесін!

Байтақ Отанымыз – Ұлы Дала Елі мәңгілік жасай берсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15