You are here

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған тақырыптық дәріс

04.12.2017, 09:57   130

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 30 қарашада Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың «Экономика және құқық», «Көлік және құрылыс» факультеттерінің 2 курс студенттеріне ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлт Көшбасшысы және қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық үлгісінің қалыптасуы» тақырыбында дәріс өткізілді. Лектор -  «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.И. Мамбетова.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – студенттердің ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың егемен Қазақстанның жаңа, мықты және тәуелсіз мемлекет ретiнде дамуына қосқан үлесі жөніндегі білімдерін кеңейту.

Дәріс барысында Ұлт Көшбасшысының заманауи және қарқынды дамудағы мемлекетті құруға бағытталған қызметі мен оның саяси стилі, қоғаммен қатынасы және міндеттелген стратегиялық басымдылықтары қарастырылды.

Аталмыш дәріс аясында студенттер назарына қазіргі университет кампусының салынуына Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көрсеткен тікелей қолдауы мен 2010 жылғы 9 маусымда  КМТИУ-ға келуі жөніндегі фотоқұжаттық мәліметтер ұсынылды.

Дәріс барысында қарастырылған мәселелер студент жастары арасында үлкен қызығушылық туғызып, кеңінен талқыланды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15