You are here

Конституция күніне арналған салтанатты жиын

31.08.2017, 15:11   137

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 тамыз 2017 жылы «Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі, мемлекеттік орган мен кәсіпорын басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметшілер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар және облыс жұртшылығы қатысты.

Ұлттық мақсатымызды айқындап берген, Мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнелеген Ата Заңымызға биыл 22 жыл толып отыр.

Салтанатты жиында өңір басшысы Ералы Тоғжанов маңызды мерекемен облыс тұрғындарын құттықтап, еліміздің конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімдігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын Абай мәдени демалыс кешені, Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, «Достық Үйі», облыстық филармония өнерпаздары ұсынған мерекелік концертпен жалғасты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15