You are here

«Конституция – Ата заңы елімнің»

31.08.2017, 15:15   130

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Конституция күніне орай, 29 тамыз 2017 жылы Ақтау қаласында №42 «Түймедақ» балабақшасының басшысы Сүлейменова Акбобек Абдирамановнаның ұйымдастыруымен «Конституция – Ата заңы елімнің» атты сазды-танымдық іс-шарасы өтті.     

Шараның мақсаты – балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал ету.

Мерекелік іс-шараға Маңғыстау облысы этномәдени бірлестік өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.

«Булгар» татар этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Блохина Роза Гумаровна, «Русское землячество» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Журавлева Элла Витальевна және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері «Түймедақ» балабақшасының тәрбиеленушілері ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалап, бүлдіршіндерге тәтті-дәмді сыйлықтар табыстады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15