You are here

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеру

02.05.2017, 16:49   300

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1 мамыр күні, Ақтау қаласында, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған мерекелік шеру өтті. Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және өңіріміздегі 20 этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен «Жас қанат» жастар ұйымының көшбасшылары белсенді қатысты. Мерекелік шеруге облыстық этномәдени бірлестіктері мүшелерінен құрылған 200 ден асқан адам қатысты.

1 мамыр мерекесі – ынтымағы мен мен бірлігі жарасқан берекелі халықтық мереке! Мерекеге әр этнос өкілі өз ұлттық киімін киіп, бірлік пен ынтымақтастық, достық пен татулық тақырыптарына ұранды сөдерді айтып, мерекелік шеруді жоғары деңгейде өткізді. Шеру соңында, арнайы ұйымдастырылған этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнері бұйымдарына арналған көрме өтті. Аталмыш көрмені облыс әкімі Е. Тоғжанов пен ардагерлер, басқа да облысымыздың қонақтары мен зиялы қауымдары келіп, тамашалады. Облыс әкімі көрмеге қатысушы барлық этномәдени бірлестіктердің колөнері мен ұлттық тағамдарымен танысып, меркемен құттықтады. Барша маңғыстаулықтарға зор денсаулық, бақ-береке, бақуатты өмір тіледі.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15