You are here

«Қарты бар үйдің қазынасы бар»

04.10.2017, 19:36   371

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарттарымызға құрмет көрсетіліп келеді.

Айтулы күнге орай, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Маммадов Фатали Джабраил оглы және «Ақтау қалалық үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Азия» мейрамханасында жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі 60-қа жуық қарияға ақ дастархан жайылып, жылы лебіздер айтылды.

- Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихымызды біліп, құрметтеуге үндейді. Қарттар – біздің мемлекет өткен тарихи жолдың куәгерлері. Қарттар күні аясында бүгін біз жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі қарттарымызға көңіл бөліп, қолдау көрсетудеміз. Орталық қызметкерлері әрдайым осы кісілердің үйлеріне барып, коммуналдық шығындарын өтеп, үй шаруашылығына қолғабыс жасайды. Жыл сайын қарттар мерекесі мен 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, меценаттармен бірлесіп, ақсақалдар мен аналарымызға қамқорлық жасауға тырысамыз – дейді Ақтау қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бөлім меңгерушісі Мусина Муминат Мурасбекқызы.

Іс-шара аясында Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы әзірбайжан диаспоры атынан сөз сөйлеп, қарттарды мерекелерімен құттықтады.

- Құрметті біздің қарттарымыз, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету біздің парызымыз. Барлығыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді ол.

Іс-шара барысында қарттар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 4 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15