You are here

«Қарттарым - асыл қазынам»

02.10.2017, 20:35   268

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Ақтау қаласының жастары «Қарттарым - асыл қазынам» атты іс-шарасын өткізуде.

28 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы қарттар үйіне барса, Ш.Есенов атындағы КМТИУ-дің «Жас Отан» жастар қанаты Ақтау қаласында жалғыз тұратын қарттарға, Ұлы Отан соғысы ардергерлері мен мүгедек жандарға көңіл бөлді. 

Қарттар күнін атап өту – жастар үшін өте маңызды мерекенің бірі. Жастар алдыңғы буын аналарға, ағаларға, аталарға құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы деп санайды.

Іс-шараның мақсаты – ақылы теңіз дария қариялардың көңілін аулау, қарттарымызға құрмет көрсету, ақсақалдардың батасын алу.

Бұл күні жас қанат жастары қарттар үйіндегі қарияларға арнайы дастархан әзірлеп, концерттік қойса, жас отандықтар азық-түліктерін алып, үйдегі қарттардың жағдайларымен танысып, қолғабыс жасады.

Жастар қариялардың тарапынан айтылған үлгілі әңгімелерді ұйып тыңдап, өмірде өсу үшін «тәрбиенің» алатын орны маңызды екенін ұғынып қайтты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15