«ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 15 желтоқсан күні Маңғыстау облысы ҚХА «Қарлығаш» балабақшасында облыстағы этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және түрлі этнос өкілдерінің балалары мен ата-аналарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында мерекелік бағдарлама, қазақ, өзбек, орыс, дағыстан және украин ұлтының мәдениеті, дәстүрі мен ұлттық тағамдарын көрсететін театрландырылған қойылымдар қойылды.

Мерекелік шараның арнайы қонақтары этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Абдуллаева Самира Сабирқызы, лезгин этномәдени бірлестігінің төрағасы Селимов Гаджи Назаралиевич, Т.Г. Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Лесниченко Татьяна Степановна және орынбасары Кравченко Людмила Фёдоровна балалар мен ата-аналары қойған қойылымды тамашалап, алғыстарын білдірді. Достық Үйі атынан «Қарлығаш» балабақшасына ойыншықтар табысталып, украин этномәдени бірлестігі балабақша кітапханасына кітаптар сыйлады.

Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.