You are here

Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық тобы әскери бөлімде өнер көрсетті

02.10.2017, 20:38   141

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қыркүйек күні Маңғыстау облысында батыс аймақтардың әскерилері бас қосып, далалық жағдайда сарбаздарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған оқу-әдістемелік жиын өткізді.

Бағдарлама жоспары бойынша Маңғыстау облысында орналасқан 6656 және 3502 әскери бөлімдерінің сарбаздары әскери психологтардың жетекшілігімен шайқаста қорқынышты жеңу тактикаларын үйреніп, әскери полигонда заңсыз қаруланған лаңкестер жауынгерлік жасаққа шабуыл жасап жауынгерлік шеберліктерін көрсетті.

Оқу-әдістемелік жиыннан соң, сарбаздар этномәдени бірлестік өкілдерінің шығармашылық тобы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

«Русское землячество» орыс этномәдени бірлестігінің атынан Галина Погорелова «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалінде орындаған «Живи, Актау!» әнін орындаса, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің жас әншісі – Армен Саакян қазақ тілінде өз әнін әскери бөлімнің сарбаздарына тарту етті. Ал Белорус этномәдени бірлестігінің «Экзотика» эстрадалық би ансамблі қазақ және иран ұлтының билерін көрсетіп, сарбаздардың көңіл-күйін көтерді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15