You are here

Еркін күрестен VIII ашық турнирі

11.12.2017, 12:52   119

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, «Дағыстан» этномәдени бірлестігі 9-10 желтоқсан аралығында «Маңғыстау арена» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы М. Расуловты еске алуға арналған еркін күрестен VIII ашық турнирін өткізді.

Шараның мақсаты - бірінші кезекте Маңғыстау облысының тұрғындары арасында еркін күрес түрлерін насихаттау, жас спортшыларға осы деңгейдегі жарыстар арқылы тәжірибе жинауға көмектесу.

Жарысқа Маңғыстау облысының спортшыларымен қатар, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының балуандары қатысты. Сондай-ақ, Дағыстан, Өзбекстан және Әзірбайжан спортшылары қазақстандық балуандармен күш сынасуға келді.

Турнирге барлығы 400-ден астам спортшы қатысты.

- Турнирдің алғашқы күні 2000-2002 жылғы 170 спортшы арасынан үздік балуандар анықталады. Ал, 10 желтоқсан күні күрес кілеміне 2003-2005 жылғы және 2005-2007 жылғы балуандар шығып, қыздар да бақтарын сынайтын болады, - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақтау қаласының күрестен олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Магомед Куруглиев.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15