You are here

«Денсаулық фестивалі»

12.09.2017, 11:07   402

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Ақтау қаласында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде, «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен кең көлемді Денсаулық фестивалі өтті. 

Спортық іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, студенттер, мектеп оқушылары, қаланың белсенді тұрғындары қатысты.

Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған марафонға 3000-ға жуық маңғыстаулық қатысты. Оның ішінде 10 этномәдени бірлестіктің өкілдері, Ақтау қаласындағы № 10 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары бар.    

Облыс әкімі «Денсаулық фестивалі» ауқымды іс-шарасына белсене қатысып, «Жаяу жүру – зиян емес, жүрмеу – зиян» тақырыбындағы марафон жүлдегерлерін құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ, денсаулық фестивалі аясында өңірдің белсенді жастары қан тапсырды. Іс-шара мерекелік концертпен, спорттық сайыстармен: гір тасын көтеру, армрестлинг, эстафеталық ойындармен жалғасты.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 12 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15