You are here

«БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ...»

20.12.2016, 12:25   139

Версия для печатиPDF versionEPUB version

17 желтоқсан «Достық үйі» ғимаратында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған  «Болашаққа бастар жол...» акциясы аясында театрландырылған қойылым конкурсы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихын, желтоқсан құрбандарын еске алу. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, жастардың бойындағы актерлік қабілеттерін шыңдау. Оған Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшылығы, мемлекеттік мекемелер басшылары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен жастары қатысты.

Конкурсқа Маңғыстау облысының ЖОО мен арнайы орта білім беру орындарының студенттері қатысып, жалпы 7 команда өнер көрсетті. Олар кәсіби актер болмаса да жүректі сыздатып, жан тебірентер қойылымдар  қойды. Әрқайсы өз рөлдерін шебер сомдады. 1986 жылдың қанды желтоқсан оқиғасын суреттеп, тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақтың батыр ұл-қыздарының образдарын аша білді. Талантты жастардың қойылымдарын тамашалаған көрермендер де көздеріне жас алмай қалмады.

Сонымен қатар,  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Маңғыстау облысының талантты жастары ән шырқады.  

Конкурста өнер көрсеткен командалардың мықтыларын әділ-қазы алқалары  анықтады. Өнер көрсеткен әр команданы түрлі номинация бойынша марапаттады.  Ал, мықтылардың ішінен суырылып шығып, бірінші орынға ие болған М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің «Мәңгілік Ел» командасы. Екінші орынды – «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» «Желтоқсан жаңғырығы» командасы алса, үшінші орынды – «Ақ жол – жастар» жастар қанаты иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15