«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен этномәдени бірлестіктер өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай аудандарға барып, мерекелік іс-шаралар өткізуде. Ұйымдастырушылар Мұнайлы, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласына барды. Іс-шаралар барысында аудандардың еңбек сіңірген тұрғындарына алғыс хаттар берілді. Әр түрлі этностардың ұлттық әндері мен билері орындалды. Этномәдени бірлестіктер төрағалары мен төрайымдары халықты ұлы мерекемен құттықтап, аудандардың өркендеп, гүлденуін тіледі. Тәуелсіздіктің тұғыры берік болуы үшін көп ұлтты Қазақстан халқының бірлікте өмір сүруі аса маңызды екенін де айтып өтті. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер береке-бірлік нығайсын деген ниетпен  аудан көшелеріне тал егіп, көшет отырғызды.

Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов: «Біздің атқарып отырған әрбір жұмысымыз қоғамдық келісім мен облысымыздағы халықтар арасындағы достастықты нығайтуға бағытталған. Қазақ халқының қолдауы болмаса, бұл жұмыстар нәтижесіз болар еді».

Маңғыстау обыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.