You are here

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫРША

29.12.2016, 10:51   905

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін «Достық үйі» ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына арналған «Жаңа жыл – жаңа бақыт» атты мерекелік бағдарлама өтті.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сінің қолдауымен өткен іс-шараның мақсаты – балаларға жаңа жыдық атмосфераны сездіру, мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлау.

Іс-шараға Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы Исмурзина, Маңғыстау облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ақмоншақ Баужанова,  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Джайылханова, «Чосон» этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова қатысты. Олар балаларды Жаңа жылымен құттықтап, жылы тілектерін жеткізді.

Жаңа жылдық іс-шараға Маңғыстау облысының «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігінен 100 бала қатысты. Оларға «Қазына продакшн» жеке кәсіпкерлігінің әртістері жаңа жылдық ертегі қойылымын қойды. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қошеметпен күтіп алды. Өтіп бара жатқан мешін жылымен қоштасып, тауық жылын қарсы алды. Өзге де ертегі кейіпкерлерімен ойындар ойнап, қуанышқа кенелді. Тақпақтар мен тілектер айтып, сыйлықтарға ие болды. Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Сыйлықтармен қамтамасыз етіп, демеушілік жасағандар – «Алас» қоғамдық қоры, «Балхаев» жеке кәсіпкерлігі, «ТМ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен жеке кәсіпкер Азамат Асқарұлы.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің бірі Дәметкен Шәкенова «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігіне мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорттық жаттығу құралын сыйға тартты. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15