You are here

«АССАМБЛЕЯ ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ, ХАЛЫҚ ТАРИХЫ»

29.11.2016, 13:08   595

Версия для печатиPDF versionEPUB version

26 қараша күні Ақтау қаласы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған «Ассамблея тарихы – ел тарихы, халық тарихы» тақырыбында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған Ақтау қаласының қазақ-түрік лицейі мен №8 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары шақырылды. Мақсаты – жас ұрпаққа Қазақстан халқы Ассамбеясының құрылу тарихы, этномәдени бірлестіктер, көпұлтты мемлекетіміздегі халықтар арасындағы толеранттылық жайында ақпарат беріп, Тәуелсіз Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтауды түсіндіру.

Дөңгелек  үстелге жалпы 70 оқушы қатысты. Маңғыстау облысының ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы Ассамблеяның маңыздылығын, еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістігі татулықтың арқасында екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол оқушыларды этномәдени бірлестіктер төрағаларымен таныстырып, сөз тізгінін ұсынды. Дөңгелек үстелге «Чосон» корей ЭМБ төрайымы – Раиса Маденова, «Шалом» еврей ЭМБ төрағасы – Юрий Кержбаум, «Ехпайрутюн» армян ЭМБ төрағасы – Айрапет Курдоглян, «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасының орынбасары – Магомед Чучаев қатысты. Олар оқушыларды өз халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырып өтті. Қызықты сұхбат жүргізіп, халқының кезінде қазақ жеріне қалай қоныс аударғандарын әңгімелеп берді.

Қазақ халқының қамқорлығының арқасында қазіргі таңда Қазақстанды  Отаным деп мақтана айтатындарын жеткізді. Сонымен қатар, тарихи жәдігерлерін көрсетіп, оқушыларға жаңа бір дүние есігін ашты. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің әңгімесін ұйып тыңдаған жасөспірімдер оларға сұрақтар қойып, ашық әңгіме құрды. Өзге ұлттардың өзіне тән ерекшеліктеріне деген таңданыстарын жасырмады. Олар да арнайы дайындықпен келген екен. Жиналған қауымға арнап, домбырада күйлер орындады. Жиын соңында олар барлық ұйымдастырушылар мен ЭМБ төрағаларына алғыстарын айтты. «Біз мұндай сабаққа алғаш рет қатысып отырмыз. Көп нәрсе туралы білдік. Өте қызық болды. Елімізде осындай Ассамблеяның барына қуаныштымыз. Бүгінгі дөңгелек үстелден кейін, өзге халықтарға деген құрметіміз аса түсті.  «Достық үйі» бізге өте ұнады», -дейді олар.  

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының 

«Қоғамдық келісім» баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15