You are here

Ақтаудағы «Алтын күз» мейрамы

26.09.2017, 11:13   174

Версия для печатиPDF versionEPUB version

24 қыркүйек күні Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» мейрамы болып өтті.

Еліміздегі ұлттар татулығы мен достығын насихаттайтын іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы хатшылығы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Ақтау қаласындағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленіп жатқан балалар, қарттар үйіндегі қариялар мен Қырғызстаннан келген қонақтар қатысты.

«АЛА-ТОО» қырғыз  этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков дәстүрлі түрде өткізілетін бұл мерекенің биыл егіннің бітік шығуына орай  ұйымдастырылғанын және егіншілердің еңбек қорытындысы екендігін атап өтті.

Бағдарлама барысында өнерпаздар қырғыз ұлтының әні мен биінен шашу шашып, көпшілікті бір серпілтті. Іс-шара аясында ұйымдастырушылар келген қонақтарға ақ дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетіп, егіннің биылғы жемісі қауын-қарбыздан үлестіріп берді.

Сонда-ақ, мейрамда қырғыз ұлтының қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық ойындары ойналып, жеңімпаздар алғыс хаттармен, түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15