You are here

Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің I Халықаралық театр фестивалі ашылды

25.08.2017, 18:01   337

Версия для печатиPDF versionEPUB version

24 тамыз күні Маңғыстау облысы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Фестиваль «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына орайластырылған.

Шараның мақсаты - Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу.

Фестивальге Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары қатысады. Әр елден классикалық немесе ұлттық репертуарлық қойылымымен бір театр ұжымы ұсынылады. Фестиваль аясында қойылымдар тегін көрсетіледі.

Халықаралық театр фестиваліне Ресейден «Ноғай Мемлекеттік драма театры» мемлекеттік бюджеттік мекемесі мен «Астрахан драма театры» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі, Қазақстаннан М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры мен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, Әзірбайжаннан ЙУГ Мемлекеттік театры және Ираннан «Айна» театр тобы қатысады.

Ашылу рәсіміне өнер саңлағы Асанәлі Әшімовтің отбасы, дос-жаран, әріптестері мен ізбасарлары да келді. Сондай-ақ, фестивальге қатысушы театрлар, этномәдени бірлестік өкілдері, өнер майталмандары, қала тұрғындары жиналды.

Аты аңызға айналған біртуар тұлғаны облыс әкімі Ералы Тоғжанов мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

Мәдени шараға жиналған қауым театр фойесінде актердің өмірі мен өнерінен сыр шертетін көрмені тамашалауға мүмкіндік алды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15