You are here

«Ақ орамал» акциясы жалғасын тапты

11.09.2017, 17:08   127

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қолдау білдіру үшін ұйымдастырылып келген «Ақ орамал» акциясы Ақтау қаласында жалғасын тапты.

8 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, облыстағы Неке сарайына барып, жаңа отбасылық өмірге аяқ басқалы тұрған жас жұбайлардың некесін тіркеу кезінде қалыңдықтарға ақ орамалдар тарту етілді.

Іс-шара барысында аналар кеңесінің өкілі Шәкенова Дәметкен жастарға орамалдың қасиеті жайлы айтып, инабатты келін, ақ жаулықты ана болуға тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, «Бәйшешек» қоғамдық қорының ерікті жастары жас жұбайлардың құрметіне флешмоб ұйымдастырды.

 «Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы, қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыра аламыз», - дейді «Аналар кеңесінің» өкілі Шәкенова Дәметкен.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15