You are here

13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні.

13.07.2017, 14:35   361

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Мереке қарсаңында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме өкілдері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы 2201А әскери бөлімшесінің өкілдерін қарсы алды.

Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Джайлханова Аманкул Әбдіғалиқызы ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2201А әскери бөлімшесінен келген қонақтарды Ұлттық қауіпсіздік органдары күнімен шын жүректен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Абдуллаева Самира Сабирқызы қонақтарға облыстағы ҚХА жұмысын бейнеролик арқылы көрсетіп, Достық үйінің мұражайымен таныстырды. 

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2201А әскери бөлімшесінің болашақ кеме қызметкерлері Мажит Орынбай Шатыбайұлы мен Имадиев Владимир Русланович мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Кездесуге жиналғандар естелікке фото-суретке түсті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15