You are here

Е.Л. Тоғжанов

Версия для печатиPDF versionEPUB version

1963 жылы 13 мамыр күні дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1994 ж.). Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1988-1991жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы болып қызмет етті. 1991-1994 жж. – ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994-1996 жылдары  ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы болды. 1999-2001 жж. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институты филиалының директоры, кейіннен осы институттың директоры болып еңбек етеді. 2001-2006 жылдары  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008-2017 жылдары Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

2017 жылдың наурыз айының 14-нен бастап Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15